jasqazaq.kz

Ардагерлерге құрмет көрсетілді

22 маусым 2017, 15:23

 

Өткен сейсенбі күні облыс әкімі Мəлік Мырзалин жұмыс сапарымен Астана қаласында болып, «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтетін Ақмола облысының мəдениет күндері қарсаңында бір топ ақмолалық зейнеткерлерге құрмет көрсетті.

Елордадағы «Аққу» мейрамханасында ұйымдастырылған шараға Астана мен іргелес аудандарда тұратын жүзге жуық ақмолалық зейнеткерлер шақырылды. Соғыс және еңбек ардагерлерін құттықтаған өңір басшысы елімізде мемлекет тарапынан аға ұрпақ өкілдеріне барынша қамқорлық жасалып отырғанына, бұл мәселенің жергілікті биліктің де үнемі назарында ұсталатынына тоқталды. Осы орайда, «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Ақмола облысының мəдениет күндері өңірдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан аға ұрпақ өкілдерін құрметтеуден басталып отырғандығын атап өтті.

– Бүгінгі еліміздің көркейіп-гүлденуі, ұрп­ақтарымыздың шат-шадыман, бақытты тұрмыс­қа кенелуі, әрине, аға ұрпақтың маңдай терінің, елге сіңірген еңбегінің жемісі. ­Ендеше, ел мерейін өсірген қарияларымызды­ әрқашанда аялап, оларды мейірім шуағына­ бөлеу – бүгінгі ұрпақтың парызы. Сіздердің білімдеріңіз бен тәжірибелерің­із, өмірде түйген даналықтарыңыз біз үші­н баға жетпес қазына. Өңірдің экономикал­ық іргетасы сіздердің білек күштеріңізбе­н қаланған. Сондықтан да, Ақмола облысы ­ел аумағында көш бастап келе жатқан өңір­лердің қатарында,– дей келе, облыс әкімі барлық ардагерлерге гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар үлестірді.

Өз кезегінде ардагерлер де Ақмола облысының мəдениет күндері  мерейлерін өсіргендігін айтып, өздерін ескеріп, арнайы кездесу өткізген облыс басшылығына ризашылықтарын білдірді. Ардагерлердің арасында бұрынғы Білім министрі Қожахмет Балахметов, облыстық атқару комитетінің төрағасы Зейнолла Шайдаров, бұрынғы облыс әкімінің орынбасары, экс-сенатор Светлана Жалмағамбетова, Социалистік Еңбек Ері Сағила Есенжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев пен Сенат депутаттары Жабал Ерғалиев және Рəшит Əкімов сияқты қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалар болды.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда