jasqazaq.kz

Әрбір минутын зерттеуіміз керек

14 ақпан 2020, 16:10

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздік жұрттың жанына батты. Ауызбірлік пен ынтымақ сынға түсті. Болашақта мұндай кесапат қайталанбауы үшін не істеу керек? Қоғамда қызу талқыланып жатқан тақырып осы төңіректе.
Қордайдағы оқиға бәріміз үшін сабақ болуы тиіс. Жұртты дүрліктірген оқиға жөнінде пікір білдірген қоғам қайраткерлерінің пікірі осыған келіп саяды. Біз осы орайда сарапшылардың пікірін оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Айдос Сарым, саясаттанушы:

Болған оқиғаны өте үлкен қасірет деуге болады, ол енді қайталанбауы керек. Біз қиын кезеңде өмір сүрудеміз, қоғам әрдайым дамылсыз өзгеріс үстінде. Әлемде тұрақты ешнәрсе жоқ, бәрі өзгереді. Біз ескінің қалдығы болған ұрандарды ұстанбай, еліміз бен қоғамымызды зерттеуіміз керек. Болған оқиға көрсеткендей, осындай жағдайда орын алған кез келген қақтығысқа ішкі ойыншылар, нақұрыстар мен арандатушылар араласқаннан кейін этносаралық немесе конфессияаралық деңгейге дейін көтеріліп кетуі мүмкін.
Біз барлық жалған тыныштықтан айырылып, бір сәтте бетперделердің шешілгенін көрдік. Сондықтан, менің ойымша, қаза болғандарды, жерлеп, жараланғандарды емдеуіміз керек, бірақ ең бастысы ойлануымыз қажет. Тек халық дипломатиясының құралдарын ғана емес, әлеуметтану, психология, жанжалтану секілді гуманитарлық ғылымдардың өкілдерін тартып, қақтығыс процесінің әрбір минутын жан-жақты зерттеуіміз керек. Бұл мәселе тек соңғы екі-үш күнде емес, бұдан да ертеде басталған еді.
Мемлекеттік органдарды, ішкі саясатты, соның ішінде Ассамблея институттарын қайта құрылымдау керек.
Қиындықты шешудің оңай жолы болмайды. Мәселені жан-жақты ойланып, талдау, түсіну — бір күннің еншісіндегі жұмыс емес. Саперлер баяу жұмыс істейді, ақымақтар ғана асығып, олардың алдына түседі деген сөз бар ғой. Қазіргі міндет түсінікті: тыныштық орнату. Ары қарай ұзақ уақытқа созылатын әділ де адал жұмыс жүргізілуі керек.


Нұртөре Жүсіп, Сенат депутаты:  Қазақ болайық!

Ермек Тұрсынов, кинорежиссер: Кезексіз микрофон, редактурасыз ұран

Бүгін, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік