jasqazaq.kz

Арашпен мың бұрала билеген Махмуди араб әншісіне қанша ақша табыстады?!

06 маусым 2017, 14:02

Дәл қазір біздің елдегі дүбірлі тойлардың көшін күні кеше өткен Сивидің отбасындағы қуаныш бастап тұр. Шет елдік танымалдардың басы қосылған бұл патиде, Араш пен Анна Семенович әннен шашу шашқан! Ал, меймандар үшін, әлем жұлдыздарын шақырған Махмудидің қалтасы қаншалықты жұқарды?! Бұл туралы ntk.kz жазды.

Әйгілі Арашпен мың бұрала билеген Сиви әкесі Махмұдтың 60 жасын тойлатқан. Қымбат мейрамхана таңдап, жаһандық жұлдыздарды жанына жиған жанұяның қалтасы қаншалықты жұқарды?!

Сиви Махмуди:
-Жо-жоқ, айтпай-ақ қояйын! Қазір халық қайтіп щулап шығады керек емес! Баға жағын енді айта алмаймыз. Бірақ, арзан емес шыны керек. білетін адамдар біледі ғой. Тауып алады ғой өздеріне қызық болса.

Иә, араб әншісі арзан емес! Араштың райдерінен бөлек, ән салу құны 80 мың АҚШ долларын құрайды екен. Сонымен қатар, Сивидің жанұясы бұл кешке ресейлік әнші, әрі актриса Анна Семеновичті де арнайы шақырған.

Сиви Махмуди:
-Анна Семенович ондай қымбат емес деп ойлаймын. Өйткені, қазір енді ондай қатты керемет әнші болып тұрған жоқ қой шыны керек. Кезінде енді керемет жұлдыз болды. Бірақ, Арашпен бірге керемет әні, дуэті болғаннан кейін шақырдық.

Екіншіден, үш тілде өткен алпыс жылдық мерейтойда Анна орыс тілінде жүргізіп, асабалық қызметті де атқарған. Ал, ресейлік сайттағы мәліметке сүйенсек, әншінің қаламақысы 600 мың рубль, яғни қалтаңызда 3 миллионнан астам теңге болса жеткілікті. Сондай-ақ, Семенович өзге мемлекетке шақырту алса, жанына 8 адамнан тұратын командасын ертіп жүреді.

Күні кеше Елордада да әлем жұлдыздары бас қосты! Астанадағы қонақ үйдің ашылуына арнайы келген француздың әйгілі әншісі Патрисия Каастың гонарары шамамен 120 мың долларға жетіп жығылса, аталмыш шараны тізгіндеген америкалық актриса Милла Иововичтің қаламақысы 150 мың АҚШ-тың құнды қағазын құрайтын көрінеді.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда