jasqazaq.kz

Қарақшылар Шымкент-Самара тас жолында жүк көлігін тонап кетті

14 маусым 2017, 15:52

Шымкент-Самара тас жолының бойында жүк көлігі жүргізушілерін қарумен қорқытып, тонап кеткен. Беттеріне бетперде кигендер қылмыстық әрекеттерін Ескі Иқан ауылының тұсында жасаған.

Түркістан қаласы прокуроры Руслан Әбдіраймовтың берген мәліметінше, қылмыстық топ «БМВ» маркалы автокөлігімен тас жолда кетіп бара жатқан «Ман» маркалы жүк көлігін, жол жиегіне қысып тоқтатқан. Сөйтіп, тапанша мен шолақ мылтық, балғамен жүк көлігіндегілерді ұрып-соғыпты. Қолдарын байлап, егістік жерге алып барған. Қалталарындағы 30 мың теңгесі мен 185 мың теңгесін, бірнеше ұялы телефондарын қолды етіпті. Сондай-ақ көліктегі 5-6 тонна шамасындағы мыс металдарын тонаған. Артынша оқиға орнынан бой тасалаған. Бұл дерек бойынша Түркістан қалалық ІІБ-на хабарлама түсіп, тәртіп сақшылары оқиға орнына жетеді. Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2 бөлігінің 1-тармағымен ( «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қарақшылық жасау») іс қозғалып, тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 20-25 жас аралығындағы 6 күдікті ұсталды. Олар уақытша тергеу абақтысына қамалып, іс бойынша процестік прокурор тағайындалған. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қолға түскендердің осы тектес өзге де қылмыстарға қатысы барлығы анықталып жатыр.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда