jasqazaq.kz

Қарағандылық жүргізуші 30 градус ыстықта автобустың пешін қосып қойған

01 шiлде 2017, 17:10

Қарағандыда соңғы күндері күн қатты ысып, ауа температурасы 30 градустан асты. Осындай аптапта қалалықтар пеші қосулы тұрған автобуспен жүруге мәжбүр болған. Бұл туралы жолаушылардың өздері айтып берді.

«53-ші автобусқа мінген едім, жүру мүмкін емес. Сырттағы аптап ыстық аз болғандай, автобуста пеш қосулы тұрды. Терезелер мен люктерді ашқанымызбен пайда болмады. Жолаушылар шағымданып жатты, алайда жүргізуші мен кондуктор пысқырған да жоқ! Түк болмағандай отыра берді», — дейді ойламаған жерден «моншаға» түсіп шыққан қала тұрғыны.

Жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Ескендір Қабидулланың айтуынша, автопарк басшылығы көп ұзамай автобусты бағдардан алып тастауға шешім қабылдаған. Оның орнына басқа автобус шығарылыпты.

Ол автобус жүргізушісі радиатордың істен шығуына байланысты пешті қосуға мәжбүр болғанын жеткізді.

«Жүргізуші қозғалтқыштан жылуды шығару үшін пешті қосқан болуы керек», — деп түсіндірді Ескендір Қабидулла.

caravan.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда