jasqazaq.kz

Қарағандыда жылу маусымы басталмай жатып құбырлардан ақау шыға бастады

29 қыркүйек 2017, 22:49

Жақын күндері ғана екі ықшамауданға жылу беруді бастаған құбырдың бірі жарылып, 130-дан аса көбқабатты үй жылусыз қалды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Таңертеңгілік мына аумақтағы тұрғындар белуардан келетін ыстық суға тап болды. Оның буынан көлік қозғалысы да баяулаған. Жауапты мекеме құбырдағы суды тоқтатып, жөндеу жұмыстарына кірісіпті. Ал оған дейін, көпқабатты 133 үйге жылу толық бармайды. Дегенмен, жылудың ресми берілетін уақыты 1-ші қазанға дейін жарылған құбырды жамап боламыз деп отыр.

Сергей Викторов «Теплотранзит Караганды» ЖШС бас инженері:

-Аталған аумақтағы құбырлар күрделі жөндеуді талап етеді. Келесі жылы біз осы жұмыстарға кірісеміз. Әзірге жамай тұрамыз. Қаладағы жылу құбырларының басым бөлігі ескіргені жасырын емес. Осы жаздың өзінде ақауы барларын ауыстыруға 500 миллион теңгедей қаражат жұмсадық.

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті