jasqazaq.kz

Қарағандыда жол полицейі адамдарды құлдықта ұстап келген

27 маусым 2017, 14:34

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында үш ағайынды төрт адамды бас бостандығынан айырғаны және өзінің шаруа қожалығында еңбегін пайдаланғаны үшін жауапқа тартылып отыр.

Тексеріс нәтижесінде Рамазан Шалғынбаев, Нұртай және Ербол Ынтықбаевтардың төрт ер азаматқа қыстақта тегін жұмыс істетіп, жағдайсыз жерде күштеп ұстағандығы анықталды.

Олар Қылмыстық кодекстің 126 бабының «жұмыс күшін пайдалану мақсатында ұрлап әкетуге қатыссыз, заңсыз бас бостандығынан айыру» бойынша жазаланып отыр.

«Бес ағайындының бірі — аталған шаруа қожалығының иесі — жол патрульдік полициясының қызметкері болып шықты. Ол Қарағандыдағы жергілікті полиция қызметінде жұмыс істейді», — дейді еңбек құлдығының құрбанына айналған азаматтардың қорғаушысы Шырын Әмірғалиева.

Оларды облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері құтқарды. Тұтқындағылардың бірі қашып шығып, полиция көмегіне жүгінген.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда