Қарағандыда жүк көлігі 8 жастағы қызды қағып кетті. Қыз велосипедпен жолдың рұқсат етілмеген бөлігінен өтіп бара жатқан.
Оқиғаның видеосы Instagram желісінде жарияланды. Кадрларда қайғылы оқиға болған Қарағанды-Теміртау жолы көрсетіледі. Куәгерлердің айтуынша, қыз велосипедпен келе жатып, жолдан өтіп кетпек болған. «Қыз шамамен 8 жаста. Ол әжесімен және шешесімен келе жатқан. Олар жолдан рұқсат етілмеген жерден өтпек болған. Жаяу жүргінші өткелі жоқ ол жақта. Қызды КамАЗ басып кетті», — деді куәгерлер. ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер бұл оқиғаның болғанын растап отыр. «Жол-көлік оқиғасы 18 мамырда сағат шамамен 19.00-де 15-ші магистраль автожолында болды. 47 жастағы жүргізуші Теміртауға қарай жүріп келе жатып, рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан қызды қағып кетті. Қыз бала оқиға орнында қаза тапты», — деп хабарлады баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров. Осы дерек бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалған.