jasqazaq.kz

Қарағандыда полиция қызметкері 21 жастағы қызды қағып өлтірді

17 мамыр 2017, 20:54

Кеше түнде Қарағандыда болған жол-көлік оқиғасынан қаладағы университеттердің бірінде оқитын қыз қаза болды. Жолдың жаяу жүргіншілерге арналған бөлігінен өтпек болған 21 жастағы қызды полиция қызметкері қағып кеткен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Қарағанды мемлекеттік университетінің соңғы курсында оқитын қыз өзі тұратын жатақхананың жанындағы дүкеннен келе жатқан. Жолдың жаяу жүргіншілерге арналған бөлігінен өтпек болған 1995 жылы туған қызды «Мерседес» маркалы көлікті тізгіндеген жігіт қағып кеткен.

«16 мамыр күні сағат 22.00 шамасында Университетская және Мұқанов көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншіні қағып кеткен учаскелік полиция инспектордың көмекшісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — дейді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Оның айтуынша, жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғасы болған сәтте полиция қызметкері сау болған, яғни ішімдік ішпеген.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде студент қызды қағып кеткен көлік жүргізушісінің оқиға орнынан қашып кеткендігі жайлы ақпарат тараған болатын. Жазбаны таратқан қаза болған қыздың әпкесі Ботаның айтуынша, сұр түсті «Мерседес» маркалы автокөлік жаяу жүргіншілерге арналған жолмен өтіп келе жатқан сіңілісін қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.

«Кінәлі адамды табатынына сенімдіміз. Егер де осы жазбаны оқып отырсаң біліп қой, сен ҚарМУ-да оқыған жас қызды өлтірдің. Ол менің сіңілім еді. Неге адам сияқты тоқтамадың? Қалай болса да көмектесуге тырыспадың? Сен оның денесін жолдың ортасында тастап кеттің. Бұл айуандық. Басқа атауы жоқ», — дейді қаза болған қыздың әпкесі Бота.

Осы жазбаға байланысты қаза болған қыздың әпкесіне хабарласқан едік.

«Көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткендігі рас. Оқиға болған кезде сіңілімнің жанында құрбысы болған. Ол көлік маркасының қандай екендігін көргенімен, нөмірін көре алмаған. Кейіннен құқық қорғау қызметкерлері сіңілімді қағып кеткен адамды ұстады. Кінәлі адам табылды, бізге басқа ештеңенің де керегі жоқ», — дейді Бота.

Полиция қызметкерінің оқиға орнынан қашып кеткеніндігінің рас-өтірігін білмек болып ішкі істер департаментіне хабарласқан едік. ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияровтың айтуынша, учаскелік полиция инспекторының көмекшісі оқиға орнынан қашпаған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұл бір тәулік ішінде Қарағандыда болған екінші қайғылы оқиға. Осыдан бір күн бұрын BMW маркалы көлік екі жаяу жүргішіні қағып, салдарынан жиырма жастағы қыз қайтыс болған еді.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда