jasqazaq.kz

Қарағандыда педагогтарға дөрекілік танытып келген оқушы диспансерге жатқызылды

21 қыркүйек 2017, 14:24

Бүгін таңертең, 21 қыркүйек күні Қарағанды мамандандырылған балалар жүйке аурулары диспансеріне орта мектептің 4-сынып оқушысы жатқызылды. Оны сыныптастары өздерін ұрып-соқты, мұғалімдерге дөрекілік танытты деп айыптаған.

4 сынып оқушыларының ата-аналарының айтуынша, бала екі жылдан бері сабақтың өтуіне кедергі келтіріп, сыныптастарын жәбірлеп, педагогтарға дөрекілік танытып келген. «Оны оқудан шығару, полицияның арнайы есебіне қою мәселесі көтерілмей келді. Оның барлық әрекетін кешіріп келеді», — деп ашулануда балалардың ата-аналары. Осыған байланысты ата-аналар 19 қыркүйек күні балаларын мектепке жібермей қойған. Мектеп әкімшілігі тез арада қажетті шаралар қолданған. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлмайра Наурызбекованың айтуынша, сабаққа сыныптың барлығы емес, тек оқушылардың бір бөлігі қатыспаған. «Біз баланың анасымен профилактикалық жұмыстар жүргіздік, учаскелік полиция инспекторымен кездестік. Қазір ол мамандандырылған балалар жүйке аурулары диспансеріне жатқызылды. Диагнозын дәрігерлер жариялай алмайды. Бүгіннен бастап ол бала мектепте жоқ. Сыныптағы оқу процесі қалпына келтірілді», — деп хабарлады директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлмайра Наурызбекова. Баланың бұрын да мамандандырылған жүйке аурулары мекемесіне қаралғаны анықталды. Оның қалайша жай мектепке келгенін мектеп әкімшілігі түсіндіруден бас тартты.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда