jasqazaq.kz

Қарағандыда емшіні тірідей жерге көмген

29 шiлде 2017, 11:56

Қарағандыда белгілі емші, тарихшы әрі жазушы Дәуір Шәкіржан өз саяжайында қазылған көрге көмілді.

Басылымның жазуынша, емші өзін жерлеуге рұқсат берген. Бірнеше жыл бұрын ол өзін крестке байлап, елді біраз шулатқан екен. Сонымен бірге, оның өзіне жасаған тәжірибелерінің ішінде 40 күн аш жүру оқиғасы да бар. «Енді міне жаңа тәжірибе. Бірден айта кету керек, қазылған шұңқырға ауа барып тұру үшін арнайы аздаған бос орын қалдырылды. Ер адамның сөзінше, бұл алғаш рет жасалып тұрған жоқ. Ол 2013 жылы да осындай тәжірибе жасаған.

«Мені дер кезінде қазып алып шықпағандықтан, талықсып кеттім. Мені қазып ал деп тапсырған досым ұйықтап қалған. Ол кезде шұңқыр да тар еді қозғала да алмайсың. Бұл жолы ондай кем-кетіктердің алдын алдым. Жылырақ киіндім. Шынын айтқанда бұл экзотерикалық тәжірибе. Сондықтан оған жауап деңгейлері көп. Неге мұндайға бардың деген сұраққа айтарым — адамдар өлмейтіндей өмір сүреді, мәңгілік жасайтын сияқты. Біз уақыттың зулап өтетінін ұмытып кетеміз.

Қабірде жатсаң топырақ көзіңе, құлағыңа кіреді…

Негізі бұл өмірге құлшынысыңды күшейтеді. Ажал көзіне тік қараған сәтте бұрын елемеген дүниелерді бағалай бастайсың, өмір сүргің келеді. Жер астында өне-бойың тыныштық тауып, ағзаңның сезінуі артады. Көрде жатып бұл әлеммен энергетикалық байланысын үздім. адам ұйықтаған кезде де мұндай болмайды. Ол туралы біреулер ойлайды, оны біреулер сүйеді немесе жек көреді. Ал жер астында бұл энергетикалық ағым үзіледі», — дейді емші.

Оның айтуынша, сырттан ауаның келмеуі өте маңызды. Бөлек орта қалыптасады да, адам сыртқы әлеммен байланысын үзеді.

Мұндайды ол ешкімге қайталамауын сұрайды, қанша ойластырылғанымен, күтпеген жағдайлар болуы мүмкін. Мұның алдында, 2010 жылы ол өзін «Маған шұңқырдағы ауа жету керек болатын. Алғашқы тәжірибе кезінде мен тұншығып, өліп кетуім мүмкін еді. Егер достарым 20 минутқа кешіксе. Ол мені қазып жатқанда атымды айтып айқайлапты, алайда, мен ес-түссіз жатқан едім. Осы жолы мен жер астында сегіз сағат болдым. Ауа жеткілікті болды», — дейді ол. Мұның алдында, 2010 жылы ер адам өзін жота үстіне орнатылған крестке байлап, басына тікенді шеңбер киіп, осылай бірнеше тәулік тұрмақ болған. Алайда ол кезде оны полицелер алып кеткен болатын.

tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда