jasqazaq.kz

Қарағандыда бес жасар қызына пышақ сілтеген өгей емес, туған әкесі болып шықты

17 тамыз 2017, 12:21

Әкесінің қолынан пышақ жарақатын алған бес жастағы қыздың анасы оқиғаны мән-жайын айтып берді.

Жақында Қарағандыда бес жастағы қызына пышақ ала жүгірген өгей әке туралы жаңалық елді дүр сілкіндірген болатын. Қыздың бірнеше жарақат алып, ауруханаға жеткізілгені айтылған. Әйелдің сөзінше, оқиғадан бері бес күн өткен. Қазір қыздың жағдайы жақсарды, алайда, әлі де ауруханада жатыр. Негізінен отбасы Қарағандыда емес, Ресейде тұрады екен. Ал пышақ ала жүгірген ер адам өгей әкесі емес, қыздың туған әкесі болып шықты. Қыз бен әкесі Қарағандыға туысқандарына келген екен. «Әкесі екеуі осында жүрді, мен Ресейде, үйде қалдым. Олар мұнда жыл сайын қонаққа келеді. Болған жайтты ести сала келдім. БАҚ-та жазылғандай емес, ол туған әкесі. Некедеміз, ажыраспағанбыз. Қазір күйеуім ауруханада емес, тергеу абақтысында. Көрісуге рұқсат бермеді. Ненің қалай болғанын да білмеймін. Ол қызының қасында менен көп болды, қызына көп уақыт бөлетін. Мен үнемі жұмыстамын, ол қызымен үйде болатын. Ешқашан қаталдық танытқан емес. Қызымның да айтып отырғаны әртүрлі. Біресе былай, біресе олай. Сондықтан одан көп сұрағым да келмейді. Қазір оған психолог көмектесіп жатыр», — дейді қыздың анасы. Полицейлер әйелге күйеуінің қызды пышақтағанын мойындағанын айтады. Алайда ол бұл сөзге сене алмай отыр және еш қиюластыра алмайды. Мұның алдында ер адам бес жастағы қызын пышақтап, өзіне қол салмақ болғаны хабарланған. Қыз да, әкесі де ауруханаға жеткізілген. Бұл дерек бойынша «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда