jasqazaq.kz

Қарағандыда асқан жылдамдықпен көлікті соққан байкердің видеосы пайда болды

12 маусым 2017, 13:08

Қарағандыда асқан жылдамдықпен көлікті соққан байкердің видеосы пайда болды. Жол-көлік оқиғасы 11 маусымда Қарағандының Гудермес және Гоголь көшелерінің қиылысында болған. Соққының салдарынан мотоциклші бірнеше метрге ұшып кеткен, ал автокөлік тоқсан градусқа бұрылып кеткен.

Жантүршігерлік жол апатының видеосы Instagram желісінде жарияланды. Видеода қатты соққының салдарынан мотоциклшінің бірнеше метрге ұшып кеткен сәті түсірілген. Апат кезінде байкердің шлемі ұшып кетіп, ал мотоцикл шашылып түскен. Автокөліктің бір жағы қатты бүлінген. Тағы бір видеода байкердің өзі түскен. Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мотоциклші жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы ауыр. «Зардап шегуші Облыстық медициналық орталықта жатыр. Ол жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалады. Оның көптеген жарақаты бар: миы зақымданған, жамбасы сынған, басқа да жарақаттар мен сырылған жері көп. Дәрігерлер барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр», — деді Айжан Иса. Облыстық ІІД баспасөз қызметі осы жағдайға байланысты кейінірек мәлімдеме жасалатынын хабарлады.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда