jasqazaq.kz

Қарағанды облысында браконьерлер табиғат қорғаушылардың көлігін өртеп кетті (видео)

08 маусым 2017, 11:04

Алдымен белгісіз біреулер табиғат қорықшыларына қарсы оқ жаудырған.

Бұл туралы белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай әлеуметтік желідегі өз парақшасында былай деп жазды:

— Бүгін таңертең «Ақбөкен» қоғамдық табиғат қорығында инспекторлық қызмет бабымен жүрген қорықшылар мен браконьерлер арасында қақтығыс болды. Қаскөйлер бір экипажға қарудан оқ жаудырып, соңынан біздің көлікке қарай белгісіз зат лақтырды.Салдарынан көлік отқа оранды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Көлік тұтастай жанып кетті. Өкінішке орай видео мен бейне тіркегіш өртеніп кетті. Браконьерлердің көлігінде мемлекеттік нөмір болған жоқ. Себебі браконьерлер нөмірмен дала кезіп жүрмейді. Белгілісі із суытқан көлік сұр түсті Лэнд Крузер. Қазір өз тарапымыздан тергеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.Полицияға да шағым түсіреміз, депті Марғұлан Сейсембай.

Кәсіпкердің айтуынша, көлік қорықшыларға тиесілі. Ал оқиға Қарағанды облысының Ұлытау ауданында болған.

Caravan.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда