jasqazaq.kz

Араққа сылқия тойған жігіт, туған анасын өлтіріп тастады

22 маусым 2017, 20:42

Қызылорданың 30 жастағы тұрғыны туған анасын өлтіріп тастады. Бұл туралы NUR.KZ сайты хабарлады.

Қайғылы оқиға 30 наурыз күні орын алған. Ер адам дүкеннен екі бөтелке арақ алып, көлікжай маңында ішкен.

Үйіне оралғанда анасы екеуінің арасында жанжал туындайды. Әйел адам баласының ішіп алған түріне ашуланған. Араққа сылқия тойған ұлы оның сөзін көтере алмай, ас үй пышағын бірнеше рет сілтеп жібереді. Егде жасқа келген әйел алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Жақын күндері Қызылорда облысының соты қанішерді 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң режімдегі түрмеде өтейтін болады.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда