jasqazaq.kz

Аппеляциялық сот вайнерлерге үкім шығарды

01 ақпан 2024, 11:43

Бүгін Алматы қалалық сотының судьясы Mudarabah Capital қаржылық пирамидасына қатысты іс бойынша Төребаев, Шерниязов және басқа да сотталғандардың апелляциялық шағымына қатысты шешім шығарды.

Сот вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сонымен қатар қаржылық пирамидаға қатысы бар басқа да тұлғаларға шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Айта кетейік, 2022 жылы 12 желтоқсанда қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған танымал вайнерлердің ісі сотқа жолданған. Қадағалау органының мәліметінше, қылмыстық істің негізінде 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банк шотына және 16 компанияның жарғылық капиталындағы әртүрлі үлестерге тыйым салынған. Ал 2023 жылдың 23 маусымында сот шешімі шықты. Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бес жылға бас бостандығынан айырылды.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?