Антикор сейсмикалық жағдайда дабыл қағу жүйесіне жұмсалатын шығындардың негізділігін тексере бастады

26 қантар, 17:20

Антикор сейсмикалық қауіпті өңірлерде дабыл қағу жүйесіне жұмсалатын шығындардың негізділігін зерделеуге кірісті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали Мемлекет басшысының жер сілкінісі туралы хабарлау жүйесіндегі жағдайды зерделеу туралы тапсырмасын іске асыру бойынша құрылымдық және аумақтық департаменттің басшыларымен жедел кеңес өткізді.

Президент Алматы қаласындағы сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңес барысында Бас прокуратурамен бірлесіп бюджет қаражатының қайда жұмсалғанын анықтауды тапсырды. Осыған байланысты Агенттік қызметкерлерінің арнайы тобы шығыстардың негізділігін, мемлекеттік сатып алуды жүргізудің заңдылығын зерделеуге кірісті.

Антикордың аймақтық департаменті тиісті аудиторлық тексеруге бастамашы болды. Бұдан басқа, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның төрағасы барлық сейсмикалық қауіпті өңірлерде 2018 – 2023 жылға дейінгі кезеңде сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына мониторинг жүргізуді тапсырды. Алматы қаласымен қатар оларға Шымкент қаласы, сондай-ақ Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары кіреді.

Мониторинг барысында бақылау-қадағалау органдарын тексеру нәтижелерін, сот-тергеу практикасын, ғылыми ұйымдардың қорытындыларын зерделеу және осы өңірлерде құрылыс барысында сейсмикалық қауіпсіздік талаптарын сақтау, азаматтардың өтініштері мен БАҚ-тағы жарияланымдарды талдау көзделген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг шеңберінде сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басқа да мәселелері зерделенетін болады.

Естеріңізге салсақ, кеше Президент Төтенше жағдайлар министріне ескерту жасаған болатын.

JQ-Aqparat

Бүгін, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
Бүгін, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу