jasqazaq.kz

Антифрод орталық іске қосылды

05 тамыз 2024, 17:57

Ұлттық Банк Алаяқтыққа тән транзакциялар бойынша дерек алмасу орталығының өндірістік пайдалануға берілгенін хабарлайды. Жоба құқық қорғау органдарымен және қаржы нарығына қатысушылармен бірлесіп іске асырылды.

Антифрод-орталығы алаяқтық белгісі бар операцияларға қарсы әрекет ету үшін құрылған. Қаржы ұйымдарына алаяқтыққа тән операцияларды анықтауға және бұғаттауға, алаяқтық белгісі бар операцияларға жедел әрекет етуге, оның қатысушылары арасында нақты уақыт режимінде ақпарат алмасуға да мүмкіндік береді. Антифрод-орталықтың жұмысы алаяқтық операциялар бойынша бірыңғай деректер базасын жүргізуді де көздейді.

Платформа іске қосылған сәттен бастап қаржы ұйымдары мен құқық қорғау органдары алаяқтық операциялар бойынша 400-ге жуық фактіні анықтады және алаяқтық әрекеттермен байланысты 30 миллион теңгеге жуық қаражатты бұғаттады.

Антифрод-орталығы ашық бағдарламалық интерфейстер (API) мен бизнес- процестерді автоматтандыру арқылы одан әрі дамып, технологиялық функционалдылықты кеңейте түседі. Күдікті транзакцияларды анықтау тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын қолдану да жоспарда бар.

Ұлттық Банк, сондай-ақ, ықтимал алаяқтық әрекеттердің алдын алу үшін Антифрод- орталықтың қызметкерлері мен өкілдері ақпарат жинау немесе қандай да бір операция жүргізу мақсатында ешуақытта жеке тұлғаға қоңырау шалмайтынын хабарлайды.

Антифрод-орталық өз қызметі аясында жеке тұлғалармен өзара байланыс орнатпайды, тек қаржы, төлем ұйымдарымен, құқық қорғау органдарымен және ұялы байланыс операторларымен жұмыс істейді. Осыған байланысты азаматтарды қырағы болуға және Антифрод-орталығы атынан деп қоңырау шалуы мүмкін алаяқтардың әрекетін елемеуге шақырамыз.

Сурет: mtrk.kz

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?