jasqazaq.kz

«Аңсаған сәби» : Үш жылда 7000 сәби дүниеге келді

03 маусым 2024, 19:34

1 маусымда Астанадағы «Экомед» орталығында «Аңсаған сəби» бағдарламасының 3 жылдағы жұмысын қорытындылаған фестиваль өтті. Айтулы шараға еліміздің түкпір-түкпірінен елордадағы мамандарға перзент сүю мақсатымен келіп, дегеніне жеткен 100-ден астам ата-ана бір-бірімен қауышып, көкейдегі қуанышымен бөлісті.
Басқосуда елімізде денеден тыс ұрықтандыру зертханасының негізін қалаған Салтанат Байқошқарова, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сөз сөйлеп, балалар мен ата-аналарды мерекемен құттықтады.
«Бұл жерге 2020 жылдан бері іске асырыла бастаған «Аңсаған сәби» бағдарламасының мол нәтижесінің бір бөлігін ғана көруге келдік. Кейінгі үш жылдың ішінде, яғни, осы бағдарлама басталғаннан бері республика бойынша 7 мыңнан астам сәби жатырдан тыс ұрықтандыру арқылы дүниеге келді. Оған дейін бюджеттен мұндай тәсілмен ұрпақ сүйгісі келетіндерге 1000 квота берілсе, Президент тапсырмасымен квота саны 7 есе арттырылғанын білесіздер. Ол кезде кезек күтетін ата-аналардың саны көп болатын. Кезек уақыты 7-8 жылға дейін созылатын. Қазір жыл сайын 7 мың квота бөлініп отырғандықтан кезек мерзімі 12 айға дейін қысқарды. Бұл халықаралық межемен алғанның өзінде жақсы көрсеткіш», — деді денсаулық сақтау министрі.
Сондай-ақ ол «Аңсаған сәби» бағдарламасының тиімділігі де халықаралық меженің ең жақсы деген көрсеткіштеріне сай екенін атап көрсетті: «Мен айтқан үш жылда 21 мың квота берілсе, соның ішінде 7 мың квота жемісін беріп, дені сау баланы өмірге әкелген. Бұл да халықаралық көрсеткіштермен салыстырсақ, жақсы көрсеткіш. «Экомед» орталығының мамандары, репродуктолог ғалымдар, ата-аналар «Аңсаған сәби» бағдарламасының тиімділігін айтып, бірқатар ұсынысын жеткіздік. Оның көбі тариф көлемі мен құнына байланысты. Бәрін мамандармен ақылдаса отырып шешуге болады деп есептеймін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алған бұл бағдарламаның қолжетімділігін халық та сезіп отыр. Мамандар да жеткілікті. Осы мәселе бойынша Орталық Азияда көшбасшыға айналдық. Шетелден келіп жатқан қонақтар да аз емес», — деді Ақмарал Әлназарова.
Фестивальден кейін министр А.Әлназарова мен «Экомед» клиникалар тобының Астанадағы орталығының медициналық директоры Алмаз Ибрагимов «Аңсаған сәби» аясында өмірге келген екі баланың тұсауын кесті.

Сйта кетейік, бұл фестивальдің негізгі ұйымдастырушыларының бірі – «Экомед» адам репродукциясы клиникалар тобы. «Экомед» орталығы «Аңсаған сәби» квотасы бойынша үш жыл аралығында жалпы саны 6 554 квотаны игерді. 3 540 (54%) пациент жүктілік бойынша есепке тұрды. 2 487 (38%) сәби дүниеге келді.

Арнайы квотаның көмегімен дүниеге келген сәбилердің Астанада бас қосуы кездейсоқтық емес. Себебі бөлінген квота бойынша жақсы нәтиже көрсеткен орталықтардың көшбасында «Экомед Астана» ұжымы тұр. «Экомед Астана» орталығы жалпы саны 2 525 квотаны игеріп, 1 479 (57%) келіншекті жүктілік бойынша есепке алды. 1 063 (42%) cәби дүниеге келді.

Сонымен қатар, «Экомед Астана» орталығы тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы құрылтайшысы болған «Mariyam» қайырымдылық қорымен тығыз серіктестік байланыста. Президент телерадиокешеніне қарасты «Жібек жолы» телеарнасынан көрерменге жол тартқан «Ана болғым келеді» бағдарламасы аясында 30-ға жуық отбасылық жұпқа тегін ЭКҰ емшарасы жасалды. Бүгінде жоба аясында 9 cәби дүниеге келді, 12 келіншектің аяғы ауыр, 8 жұп кезекті эмбрион тасымалына дайындық үстінде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын. Нәтижесінде, экстракорпоральды ұрықтандыруға бөлінетін квотаның саны 7 мыңға дейін артқан. Осылайша, мыңдаған отбасы бала сүю бақытына ие болуда. Еліміздің демографиялық ахуалының дамуына, отбасылық институттың нығаюына «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасының маңызы зор.

JQ-Aqparat

Сурет: el.kz 

 

 

 

 

           

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды