Анре Уорд әлі жеңілмеген Сергей Ковалевті тізе бүктірді (видео)

20 қараша 2016, 13:56

photo_31682

Жартылай ауыр салмақ санатында өнер көрсететін ресейлік боксшы Сергей Ковалев (30-0-1, 26 КО) пен америкалық Андре Уорд (30-0, 15 КО) арасындағы WBA Super, IBF, WBO титулдары үшін жекпе-жек Андре Уорд пайдасына шешілді.

Тengrinews.kz хабарлағандай, кездесудің екінші минутында күтпеген жерден соққы жасаған Сергей Ковалев кәсіпқой бокс мансабында жеңіліп көрмеген америкалық Андре Уордты бірінші ногдаунға жіберді.

e5baf5fc7772df3bc97ed7bce07fa8bc

Боксшылардың кездесуі 19 қарашада Лас-Вегаста «T-Mobile Arena» спорт аренасында өтті. 33 жастағы Ковалев жекпе-жектен екі миллион доллар алса, 32 жастағы Уорд бес миллион доллар алады. Екі боксшы үшін бұл рекордтық сома болып тұр.

Лас-Вегаста «T-Mobile Arena» спорт аренасына жартылай ауыр салмақтағы екі мықтының жекпе-жегін тамашалауға қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің бапкері Абель Санчеспен келген.

9a1ab83b6b75c14a02e6095f7cc14aad

Сергей Ковалев — 33 жастағы ресейлік кәсіпқой боксшы. WBA Super, IBF, WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы. 2014 жылы The Ring, WBO, Sports Illustrated, USA Today журналдарының нұсқасы бойынша үздік боксшы атанды. Лақап аты — Krusher (ағылшын тілінен аударғанда «Талқандаушы»).

Андре Уорд — 32 жастағы американдық кәсіпқой боксшы. WBA, WBC, The Ring нұсқасы бойынша екінші орта салмақта әлем чемпионы. 2004 жылы кәсіпқой бокста өнер көрсете бастады. Лақап аты — S.O.G («Son of God» — ағылшын тілінен аударғанда «Құдайдың ұлы»).

photo_31681

Сонымен қатар осы бокс кешінде 23 жастағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуінде жеңіске жетті.

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде