jasqazaq.kz

Қанат Исламның келесі қарсыласы соңғы жекпе-жекте шелектен «таяқ жеп» қалған (видео)

20 шiлде 2017, 15:19

9 қыркүйек күні Астанада өтетін бокс кешінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам канадалық Брэндон Кукпен жұдырықтасады.

Айта кеткен жөн, Брэндон Кук (18-0, 15 КО) жекпе-жектердің басым бөлігін туған жері — Онтариода өткізген. Соңғы рет ол өзінің жерлесі — Стивен Батлермен кездескен еді. Сол жекпе-жекте Батлер теxникалық нокаутпен жеңілді. Осылайша, Кук IBF тұжырымы бойынша Солтүстік Американың чемпионы атанды. Бұған дейін оның WBA-NABA белбеуі де болған. Дәл осы жекпе-жекте жеңімпаз Кук жарақат алды. Төрешінің теxникалық нокаутқа қатысты шешімімен келіспеген жанкүйерлер рингке сан алуан заттарды лақтыра бастады. Сол кезде біреуі мұзға толы шелекті лақтырды. Ол тура Куктың басына тиді. Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшы Қанат Ислам америкалық Джеймс Кирклендке қарсы шығуды жоспарлаған. Ендігі жоспарға сәйкес, Қанат Исламның келесі қарсыласы канадалық Брэндон Кук болады. Бокс кеші кезінде осы уақытқа дейін бірде-бір рет жеңіліп көрмеген сегіз қазақстандық боксшы жұдырықтасады.

 

 ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда