jasqazaq.kz

Қанат Ислам жанкүйерлері үшін ашық жаттығу өткізеді

20 тамыз 2017, 11:12

Бүгін Қанат Ислам Астанада «EXPO-2017» көрмесінің аумағындағы амфитеатр маңында жанкүйерлеріне арнап, ашық жаттығу өткізеді.

Сағат 18:30-да өтетін ашық жаттығуға Қанат Исламнан өзге Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Руслан Мырсатаев, Айдос Ербосынұлы, Нұрсұлтан Жаңабаевтар да өз шеберліктерін көрсететін болады. Шара аясында жанкүйерлерге боксшылармен суретке түсіп, қолтаңба алуға тамаша мүмкіндік туып тұр. Еске салайық, 9 қыркүйек күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде жоғарыда аты аталған және өзге де боксшыларымыз «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Басты жекпе-жек Қанат Ислам мен (24-0,19 КО) канадалық Брэндон Кукпен (18-0, 11КО) арасында өтеді. Боксшылар бірінші орта салмақтағы IBF титулына үміткерлікке таласады. Сондай-ақ осы жекпе-жектің андеркартында қазақстандық 8 боксшы шаршы алаңға шығады. Олар — Жанқош Тұраров (21-0, 15КО), Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1КО), Мейірім Нұрсұлтанов (3-0,2КО), Руслан Мырсатаев (3-0, 3КО), Әли Ахмедов (7-0,5КО), Айдос Ербосынұлы (6-0, 6КО), Димаш Ниязов (11-0-3, 5КО) және Нұрсұлтан Жаңабаев.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда