jasqazaq.kz

Қанат Ислам IBF рейтингінде үздік үш боксшының қатарына қосылды

06 маусым 2017, 13:54

Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам Халықаралық бокс қауымдастығының (IBF) жаңарған рейтингінде үздік үш боксшының қатарына қосылды.

Отандасымыз осыған дейін «IBF Intercontinental» рейтингінде бірінші орынға шыққан болатын. Мамыр айының соңындағы жекпе-жек қорытындысы бойынша ұйымның ресми рейтингінде ең үздік үштік құрамға қосылды. Өткен айда 6-орында еді.

Қанат Ислам бақ сынайтын бірінші орта салмақта IBF чемпиондық атағы америкалық Джарретт Хёрд еншісінде. Ал үздік рейтинг көшін франциялық боксшы Седрик Виту бастап тұр. Екінші орында боксшы жоқ екенін ескерер болсақ, Қанат Седриктен кейінгі екінші боксшы деп айтуға негіз бар.

Айта кетейік, Қанат Ислам 27 мамыр күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Бока Ратон қаласында мексикалық боксшы Норберто Гонсалесті жеңіп, «WBO NABO» және «WBA Inter-Continental» чемпиондық атақтарына ие болған еді.

Орта салмақта бақ сынайтын Жанқош Тұраров болса, 12-орыннан 14-орынға төмен сырғыған. Ол да мамыр айында жекпе-жек өткізіп, мексикалық Густаво Гарибайды үшінші раундта нокаутпен жеңген еді.

vesti.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда