jasqazaq.kz

Анасы қайғылы хабарды естімепті

23 қантар 2018, 15:59

Ақтөбе облысында өртеніп кеткен автобус ішінде Шохидон ауылынан шыққан ағалы-інілі екі жігіт қаза тапты, деп хабарлайды «Новости Узбекистана».

20 жастағы Шохрух Закиров пен 19 жастағы Мухаммадин Хусниддинов Ресейге жұмыс іздеп бара жатқан. Туған-туыстарының айтуынша, Закиров бұрын Мәскеуде түрік құрылыс компаниясында жұмыс істепті.

«Бауырларымның Ресейге бет алғанын, олар кеткесін бір-ақ естідім. Бейсенбі күні автобустың өртеніп кеткенін естідік. Шохрух пен Мухаммадин сол автобуста болғанына еш сенгім келмеген еді», – дейді қаза тапқан ағалы-інілі жігіттердің ағасы Мухаммадсоли Зиевиддинов.

Шохрух Закировтың әкесі тілшілерге айтқандай, ауылда автобустағы өрттен аман қалған жігіт туралы сыбыс тараған екен.

«Чиндовул қыстағының тұрғыны басқа көлікке отырып, аман қалыпты. Кейін Ресейден туыстарына хабарласқан. Негізінде ол да құрбандар қатарында болған», – дейді Закировтың әкесі Тохиржон Рахимов.

«Әйелім әлі ештеңе білмейді, айтуға қорқамыз, денсаулығы нашар. Шохрух қатты ауырып қалды деп қана айттық», – дейді марқұмның әкесі.

sputniknews.kz

12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды