Анасы орындаған әнді естіп, көз жасын тоқтата алмаған сәби желіде жұлдыз болды деп хабарлайды NUR.KZ.
Балақай анасынан қоймай жоғалған ит туралы әнді айтып беруін өтінеді. Алайда анасы әнді айта бастағанда бүлдіршіннің көңілі босап, өкіріп жылап жібереді.
Видеоны көрген желі қолданушылары күлкіге әбден қарық болғанын айтса, енді бірі баланың анасы әнді әсерлі орындағанын айтып, пікірлерін жаудыруда.