«Марко Поло» халықаралық кинофестивалінің жүлдесіне оннан аса мемлекет өз картиналарын ұсынған.
Хорватиядағы «Марко Поло» кинофестивалінде «Анаға апарар жол» сәтті көрсетілді. нәтижесінде, Қазазқстандық кинокартина аталмыз бәйгенің басты гран-при жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Хорватидағы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі.
Фестивальге Әзірбайжан, Болгария, Иран, Индонезия, Қазақстан, Түркия, Индия, Хорватия және басқа да елдерден кинематографтар қатысты. Қазақстандық делегацияның құрамында «Анаға апарар жол» тарихи драмасының басты ролдерін сомдаған Әділ Ахметов пен Алтынай Нөгербек және Хорватиядағы елшіліктің қызметкерлері болды.
Фестиваль директоры, режиссер, продюсер Игорь Призмичтің айтуынша, қазақстандықкинокартина тарихи атмосферасмен, түсірілім тобының үлкен еңбегімен ерекшеленеді.
«Біз сіздердің тарихты, ана мен баланың шексіз махаббатын көрдік. осындай ерен еңбегі үшін фильм продюсері Әлия Назарбаеваға алғыс айтамын»,- деп сөзін түйді ол.