“Эйр Астана” АҚ қазақстандық авиакомпаниясы KC 904/890 Амстердам – Атырау – Алматы рейсінің алынып тасталғанын хабарлады.
Әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, «Эйр Астана» компаниясының мас ұшқышы рейстен алынды. Соған байланысты Амстердамнан шығуы тиіс рейс уақыты шегерілді. 20 шілдеде екінші пилоттың қанынан ішімдік табылып, тесттен өтпей қалды.
“Қазір тексеру жүріп жатыр. Соның нәтижесі бойынша қызметкерге тиісті шара қолданамыз. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Мұндай келеңсіздіктің алдын аламыз», – деді әуе компаниясының корпоративті коммуникациялар департаментінен.