jasqazaq.kz

Әмина апам сияқты балама өзім таңдаймын қызды

04 желтоқсан 2023, 15:19


Әнші Нұрлан Еспанов отандық бағдарламаға сұхбат берген кезінде жалғыз ұлының үйленетін жасқа жеткенін айтып, болашақ келінді өзі таңдап беретіні туралы сөз етті.
«Ұлымның үйленуіне қарсы болғаным рас. Біріншіден, ол кезде жас еді. Отбасын қамтамасыз ете алмайтын еді. Содан соң басқа ұлттың қызы болды. Жалғыз түйір ұлым. Ұрсып та айтқан жоқпын. «Қалай болар екен? Басқа ұлттың қызын алсаң түсінісу қиын болады дедім. Ол жақтың салт-дәстүрін білмейміз. Қалай қыламыз?» деп едім. Олжас маған ешқандай жауап қайтарған жоқ. Содан бір тоқтатқаным бар. Одан кейін шешесі біледі. Мінезі анасына тартқан, көп ашылып сөйлемейді. Жалғыз ұлым болғасын тойын қалай өткізсем де жарасады. Қазірден бастап қалыңмалын дайындап қойдым. Ұлыма “менің шығармашылық кешіме дейін келін әкелмесең, өзім іздеймін және ол тірлігіме ұялмаймын. Әмина апам сияқты өзім таңдап берген қызға үйленесің. Мен саған керемет қыз тауып беремін. Оған күмәнің болмасын” деп айтқан едім. Ұлым үндемеді. Шешесіне бір қызды ұнатып жүргенін айтыпты. Мен білмеймін. Бірақ қалыңмалына ақша дайындап қойдым. Ел қатарлы беріп жатқан 3 миллион теңге береміз. Той мен мейрамхана шығынын достарыма тапсырамын. Солар көтеріп береді. Менің достарым өте көп”, – дейді әнші.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?