jasqazaq.kz

Америкалық әйел бір мезетте 6 баланы дүниеге әкелді (видео)

15 желтоқсан 2017, 21:56

Америкалық келіншек небәрі 35 жасында 9 баланың анасы атанды. Жуырда ол алты бірдей баланы дүниеге әкелді. Бұған дейін үш ұл тәрбиелеп отырған Кортни және Эрик Вальдроптың отбасында бір мезетте тағы үш ұл және үш қыз қосылған.

Бұл туралы ағылшын басылымы The Daily Mail-ге сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Отбасын құрған күннен бастап Кортни мен Эрик көпбалалы болуды армандапты. Алайда бір мезетте алты бірдей нәрестенің ата-анасы боламыз деп ойламағандарын айтады.

Алабама штатында тұратын ерлі-зайыптылар бүгінде бақытты. Себебі бір кездері олар, тіпті бір сәбиге жете алмай зар жылаған. 2008 жылы тұңғыштары Сейлор өмірге келген соң, Кортни түсік тастаған. Бұдан кейін бала сүю үшін жұп ұзақ уақыт емделген-ді. Егіз ұлдары Уэйл мен Мостты өмірге әкелу үшін жасанды ұрықтандыруға да жүгінген көрінеді.

Төртінші сәбиін түсіріп алған соң, дәрігерлер әйелдің бедеу болып қалуы мүмкін екенін ескерткен. Алайда көп ұзамай Кортнидің аяғы ауырлаған-ды. УЗИ ана жатырында алты бірдей сәбидің жатқанын анықтаған. Бұл жайт Кортни мен Эрикке бір жағынан қуаныш сыйласа, екінші жағынан көңілдерінде қорқыныш ұялатқан.

Ананың өміріне қауіп төнуі мүмкін екенін айтқан дәрігерлер балалардың бірнешеуін қалдырып, қалғанынан құтылуға ұсыныс жасапты. Алайда ата-анасы бұл ұсыныстан бас тартып, барлық балаларына мүмкіндік берген.

Үш ұлға Лейке Брайарс, Блю Веллингтон және Тэг Брикер деп, ал үш бірдей ханшайымға Риверс Макколл, Рейн Маккой және Роулингс Маккейн есімдері берілген.

Бүгін, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
Бүгін, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды