jasqazaq.kz

Америкалық қыз қазақ жігітіне ғашық болып, қазақ тілін үйренді (видео)

03 тамыз 2017, 17:27

АҚШ азаматтары Қаулан Құсайынхан мен Джулия Маклейн Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінде ерікті болып жұмыс істейді, деп хабарлады astanaexpo.tv сайты.

Сайттың мәліметінше, ерлі-зайыптылар Астанаға бірнеше ай бұрын АҚШ елінен келген, қазір көрмеде ерікті болып жұмыс істейді. Жас жұбайлар жарты жыл бұрын отау құрған.

Джулия Америкада антропология ғылымын меңгеріп жүр. Ол бір жыл бұрын қазақ тілін үйрене бастады. Екі мұғалімі бар: бірі – Щучинсктен болса, екіншісі Шымкенттен. ЭКСПО көрмесінде Джулия ерікті ретінде ағылшын тілінен сабақ береді.

«Қазақстанға алғаш рет алты жыл бұрын келдім. Сол кезде осы елге бірден ғашық болдым. Оның үстіне, Қазақстан жұбайымның тарихи отаны. Осындай ірі шараға қатысқаныма өте қуаныштымын», — деді Джулия.

Өзін «шала қазақпын» деп таныстырған Қауланның айтуынша, Қытайда туып-өсіп, мектеп бітіріпті. Қытай тілін білетіндіктен, ЭКСПО көрмесінде Қытай павильонында жұмыс істейді.

caravan.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда