jasqazaq.kz

Америкалықтар «Дударай»-ды айтып, «Қамажай» биледі (видео)

04 шiлде 2017, 17:02

Бүгін ЭКСПО көрмесінде Америка Құрама Штаттарының ұлттық күні аталып өтті. Аталған мереке АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Осы жолы америкалықтар қазақ тілінде сөйлеп, жиналған жұртты тәнті етті. АҚШ елшісі Джодж Кролдың қазақша әжептәуір сөйлетінін көпшілік біледі. Концертті жүргізген америкалық жастар та қазақ тілінде сөйледі. Ал сахнаға танымал Грейс Гаррет шығып, өзінің «укелеле» атты аспабымен «Дударайды» айта бастағанда көзіне жас алған көрермендер де болды. Алайда америкалықтар онымен шектелген жоқ. АҚШ-тың бостандығын, еркін ойлау қабілетін барынша көрсетті. Сөйтіп қазақтың күйі мен америкалық әуенді үндестіріп, паппури орындады. Тіпті, «Қамажай» әніне билеп, оны да ұлттық музыкасымен шебер үндестіре білді. Концерттің аяғы жаппай биге ұласты. Осыдан кейін мерекелік коцертке қатысқандар мерекелік шерумен АҚШ павильонына аттанды. Шерудің басында әлемге әйгілі «Harley-Davidson»-нің екі мотоциклі, оның артында әскери курсанттар мен черлидирші қыздар жүрді. Айта кетейік, АҚШ павильонының мәдени-бұқаралық шаралары осымен шектелмейді. Биыл аталған елдің тәуелсіздігіне 241 жыл толып отыр. Осыған орай, АҚШ мәдениетіне арналған мерекелік апталық ұйымдастырылады. Соның аясында америкалық рок, блюграсс, соул мен хип-хоп өнері көрсетіледі.

 

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда