Америкалық азамат Джоуи Честнат (Joey Chestnut) хот-дог жеу бойынша чемпионаттан рекорд орнатты. Ол 10 минутта 72 хот-дог жеп қойды.
Сайыстың бұл түрі жыл сайын АҚШ-та 4 шілде – тәуелсіздік күні өткізіледі, деп хабарлайды Лента.ру.
Шетелдік басылымдардың мәліметіне сүйенсек, 33 жастағы ер адам осымен хот-дог жеуден оныншы рет жеңіске жетіп отыр. Былтырғы жылы ол 70 хот-дог жеп, жарыста бірінші орын алған болатын.
Ал әйелдер арасында 20 жастағы Мики Судо (Miki Sudo) төртінші рет чемпион атанды. Ол аз уақыттың ішінде 41 хот-дог жеп қойды.
Жеңімпаздар сыйға 10 мың доллар алды. Ал іс-шараға хот-дог асын әзірлейтін америкалық Nathan’s Famous мейрамхана жүйесі демеушілік етті.