jasqazaq.kz

Аманатқа адалдық – басты парыз адамдық

09 шiлде 2024, 13:44

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің басты миссиясын «Өлі риза болмай тірі байымайды» деген қанатты сөз өте дәл бейнелейді. Бес жылдың ішінде осы бірлестіктің ерікті іздеушілері соңғы сұрапыл соғыста хабар-ошарсыз кеткен сан мыңдаған адамның тағдырын анықтады. Ата-бабасының қай елде, қандай бауырластар зиртанды жерленгенін естіген майдангердің ұрпақтары үнемі ризашылық сезімдерін білдіріп жатады. Бүгін сондай бір хатты оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік. Хатты Қарағанды облысында тұратын майдангердің немересі Жүнісов Ерлан Аманжолұлы жолдапты:
«Біздің атамыз Нұрмағанбетов Жүніс соғысқа Ақмола облысы Атбасар аудандық әскери комиссариатынан аттанған екен. Нақты қай жылы екені белгісіз. Артында жары (әжеміз) Күлән және төрт-бес жасар ұлы (әкеміз) Аманжол қалады. Әжеміз хат танымаған кісі. Атамыз соңғы хатында «Сұрапыл соғыстың ішінде жүрміз, аман-есен шығарымыз беймәлім»- деп жазған екен. Содан кейін хат хабар мүлдем үзіліп, ол біржола хабар-ошарсыз кетеді.
Менің әкем Жүнісов Аманжол өзінің әкесін өмірін соңына дейін іздеп өтті. Өкінішке қарай көзі тірісінде ешқандай дерек таба алмады. Әкеміз армандаумен 1997 жылы дүние салды.
Бүгін міне, Алланың қалауымен сіздер арқылы атамыздың жерленген жері белгілі болды. 1987 жылы туылған қатардағы жауынгер Жүніс Нұрмағанбетов 1018-ші атқыштар полкінің сапында шайқасқан екен. 1943 жылдың 15 шілдесінде, осыдан тура 81 жыл бұрын қаза тауыпты. Ресейді Орлов облысы, Новосильский ауданы, Чулково селосының маңында жерленіпті. Сәтін салса туған жердің бір уыс топырағын алып, басына барып, құран бағыштап қайтпақ ниетіміз бар.
Атамыздың дерегін тауып берген Сіздің ұжымға және Мейірхан есімді волонтер қарындасымызға айтар алғысымыз шексіз. Сіздердің осындай зор еңбектерініздің арқасында өшкен үміттер қайта жанып, ұрпақ сабақтастығы жалғасып жатыр. Сауабы мол қызметтеріңізге сәттіліктер мен толағай табыстар тілейміз. Болашақта мұндай соғыс қайталанбасын, әке баладан, әйел жарынан айрылатын жағдайлар болмасын деп тілейік». Біздің бұған алып-қосарымыз жоқ.

Ә.Смайылов

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?