Сенбі күні, 23 қыркүйекте, Алматыда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының спорттық-жаттықтыру кешенінің аумағында балалардың «Аман келешек» — «Здоровое будущее» IV мәдени-спорттық фестивалі өтеді.
Төрт жыл бойы фестиваль Қазақстанның түкпір-түкпірінен келетін коррекциялық мектеп-интернаттардың, балалар үйі мен орта білім беру мектептерінің 3 000-нан атам балаларын жинайды. Қазақстанда аналогы жоқ, «Аман келешек» көптеген жылы пікірлерге ие болды, көптеген достар және әріптестермен табысты, ең алдымен өзін перспективті және болашағы зор жоба ретінде көрсете алды.
— «Аман келешек» фестивалі – жыл сайынғы спорттың, денсаулықтың және шығармашылықтың мерекесі. Н. Назарбаев Қоры осы жобамен денсаулығы мықты көп қырлы және бейнесі жағымды болашақ салауатты қазақстандықтарды қалыптасытыруға өз үлесін қосуға тырысады. «Аман келешек» фестивалі мүмкіндігі шектеулі мектеп оқушыларын денсаулығы жақсы құрбыларымен біріктіре отырып, Қазақстан Республикасында инклюзивтік қоғамның дамуына көмектеседі, — деді Қордың атқарушы директоры Қанат Жұмабаев.
«Аман келешек — 2017» фестивалі Астана, Алматы, Қызылорда, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының балаларын жинайды.
Фестивальдің ерекшелігі ұйымдастыру комитетінің «Аман келешектің» жыл сайынғы үлкен бағдарламасын егжей-тегжейлі ойластыратындығында. Қазақстан қоғамында, сондай-ақ бүкіл әлемде талқыланатын балалардың күнделікті мүдделері мен трендтерін ескере отырып, ұйымдастырушылар фестивальдің тақырыбын белгілейді. Биылғы жылы балалар шексіз космос әлемі мен жаңа технологияларға шомиды.
Іс-шаралардың негізгі кестесі 8 тақырыптық алаңға бөлінген, олардың әрбіреуі Күн сәулесі жүйесінің белгілі планетасының атауынан тұрады.
1. «Юпитер» планетасында балаларға арналған космостық 3D-сурет салу, авиамодельдеу және космобиология бойынша шеберлік сабақтары өткізіледі. Сондай-ақ тақырыптық алаңдарда «Космостық саяхат» квесті өтеді.
2. «Жер» планетасында аниматорлар балаларға арнап қызықты фантастикалық сюжеттері бар ойындар сериясын ұйымдастырады.
3. «Уран» планетасы дельтапланда ұщуға үйретеді
4. «Марс» планетасында «тайцзы-цюань» — «ушу» жауынгерлік өнері бойынша шеберлік сабағы өтеді.
5. «Нептун» планетасында фестивальға қатысушыларды интерактивті эстафеталар мен ойындар, актерлік шеберлік және қуыршақпен ойнау шеберлігі бойынша шеберлік сабақтар күтеді.
6. «Венера» планетасында қазіргі заманғы би, классикалық би және балет негіздері, әсерлі зумба көрсетіледі.
7. «Меркурий» планетасында шахмат ойнаудың пайдасы туралы әңгімеленеді.
8. «Сатурн» планетасында роботтар жинақтау және бағдарлау ережелері бойынша шеберлік сабағы өтеді.
Осының барлығы төртінші рет ұйымдастырылып отырған «Аман келешек» фестивалінде өтеді, оңын аумағы бір күнге Күн сәулесі жүйесніе айналады. Ал фестивальдің орталығы Күн сәулесінің орталығына айналып Күн планетасын білдіреді.
Фестивальде радиостанция жұмыс істейді, оның арқасында фестивальге қатысушылар радиоәуесқойлық байланыс арқылы әлемдегі барлық құрбыларымен әңгімелесе алады. Арнайы дабылы: UP2017AK (Аман Келешек).
Фестивальдің тарихының қысқа екеніне қарамастан бірінгі рет өңірлерден келген қатысушыларға арналған 3 көшпелі алаң жұмыс істейді:
• «Қазақфильм», киноөндірісі бойынша шеберлік сабағы, анимация мен фильмдерге дыбыс беру бойынша сабақтарды қоса алғанда.
• А. Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесі заманауи би, сондай-ақ классикалық би негіздері бойынша шеберлік сабақтары
• «Алтын Тай» ат клубы. Атпен шабу бойынша шеберлік сабағы өтеді.
Барлық көшпелі алаңдарда шеберлер экскурсиялар өткізеді.
Дәстүр бойынша «Аман келешек» фестивалі Шеберлер шеруінен басталады: көрертмендерге трибунадан фейерверк шоу, «Аман келешек» әнұраны, холи бояуын шашу флешмобы өтеді.
Фестивальдің шарықтаған шағы «Космостық саяхат» және «Унитрон» квестінің жеңіспаздарын марапаттаумен ерекшеленеді.
Фестиваль сыйлықтар таратумен және алаңдардың сипаты, шеберлердің өмірбаяны және байланыс контактілері көрсетілген арнайы брошюраларды табыс етумен аяқталады.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры барлық әріптестерге ұйымдастырушылық қолдау көрсеткені үшін алғыс айтады; Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласының Білім беру басқармасы, «Рахат-Демеу» қайырымдылық қоры, А. Винокуров велоклубы, «Анашым» қайырымдылық қоры, М. Оспанов атындағы қоғамдық қоры, «Группа Восточный проект» продюсерлік орталығы, «Домино» шоу-театры, Еріктілер лигасы, «HelloHostel» хостелы және т.б.