Желіде жігіттердің қалыңдық көйлегін киіп, қыздың жүрісін салып жүрен видеосы жарияланды.
Бір топ жігіт қалыңдық көйлегін киіп әрі-бері қыздың жүрісін салып көрсетті. Олардың күлкі шақыру үшін әдейі қызша киініп алғаны белгілі. Видеоға түсіріп тұрған жігіттің өзі олардың әрекетіне шыдамай күліп жатыр.
Желі қолданушылары қыз болып жасанған жігіттердің ісіне ашуланды. Олар мұны ер жігітке жараспайтын ұсақ әрекет деп атады.