Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес 16 қыркүйек күні өтетін жекпе-жекте Геннадий Головкинді уақытынан бұрын жеңетініне сенімді.
Біздің айқасымыз 12-раундқа дейін жалғасуы мүмкін емес. Мен оның 12 раундтық кездесудің соңына дейін шыдай алмайтынына кепілдік бере аламын. Жекпе-жек нокаутпен аяқталады. Мен Головкинді сөзсіз нокаутқа түсіремін, — деді Альварес TMZ.com-ге берген сұхбатында.