jasqazaq.kz

Алтын көпір

30 наурыз 2018, 12:51

«Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінде өткен іс-шара.

Мемлекетіміздегі Үштұғырлы тіл саясаты қолға алынып қана қоймай бүгінгі күні елімізде көптеген іс-шаралар айтқарылып жатқаны айдан анық. Ал, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткізіліп жүрген жиындар, семинарлар мен конференциялардың басым көпшілігі осы саясатты мықтап ұстанып, келешек ұрпаққа, мамандарға тәлім-тәрбие беруде де біршама үлес қосып келеді. Осының бір айғағы ретінде, университетіміздің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасында студенттердің қатысуымен өтіп жатқан шаралар дәлел болары анық. Бүгінгі таңда бұл кафедрада студенттер қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, т.б. тілдермен қатар қытай тілін үйреніп қана қоймай, тереңінен меңгеріп жатқанын айта кету керек.
Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы әлеуметтік-экономикалық байланыстар жыл сайын жаңа сипат алып келеді. Қазақ жастарының қытай тілін меңгеріп, ұлы көршіміздің тарихы мен мәдениетін, әдебиеті мен салт-дәстүрін танып білуге деген құлшынысы көңіл қуантарлықтай.


Осы тұрғыда биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы қытай тілін екінші шет тілі ретінде оқытуды қолға алды. Кафедра жетекшісі, профессор Гүлмира Мәдиеваның ынта-жігері арқасында дүниеге келген бұл пән аз уақыттың ішінде студенттердің қытай тіліне деген қызығушылығын оятып, оны жетік меңгеруге деген құлшыныстарын арттыра түсті.
Биылғы ақпан айында аталмыш кафедрада Шығыс күнтізбесі бойынша белгіленген Қытай халқы жаңа жыл мерекесінің тойланып өтуі осының бір айғағы іспеттес болды.
«Айналаңды нұрландыр» жобасына сәйкес ұйымдастырылған бұл шараны «Қытай тілі» пәнінің оқытушысы ретінде қытай тілінен өзара сайыс түрінде өткізілді. Студенттер қытай тілі мен мәдениетін қаншалықты меңгергенін жиналғандарға мақтанышпен жеткізуге тырысты. Мерекеге сыйлы қонақ ретінде шақырылған ҚазҰУ-дегі қытай студенттері әділқазылар міндетін қоса атқарысты. Шың елінің ең қасиетті күндері болып табылатын «Чуньцзе», яғни «Көктем мерекесі» атты осы бас қосуға кафедра студентерімен қатар факультет ұстаздары да белсене атсалысты.
Қытай тіліне қатысты әр түрлі сұрақтарға жауаптар қайтарылды. Аспан асты елінің мәдениеті мен тарихы жайындағы танымдық мағлұматтармен тың деректер жаңа қырынан айшықталды.
Кеш соңында екі ел азаматтары қытайдың әйгілі «Жан досым» (朋友) әнін қосыла шырқады. Осылайша жиналғандардың жүрек қылын қозғаған жастар өздерін болашақтың алтын көпірі ретінде өзге бір қырынан танытқандай әсер қалдырды.

Әл-Фараби ат.ҚазҰУ оқытушылары:
Жұмабектен Айгүл Серікқызы,
Медетбекова Перизат Түктібайқызы

25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр