jasqazaq.kz

Алмазбек Атамбаев латын әліпбиіне көшуге қарсы шықты

20 шiлде 2017, 21:08

Бішкекте өтіп жатқан «Алтай өркениеті мен Алтай тілі отбасы және туысқан халықтар» халықаралық форумында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев кирилл әліпбиін қолдап сөз сөйледі деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан сайты.

«Кириллицадан кету халықтың өткенімен байланыстың ажырауына алып келеді. Өткен ғасырда араб әліпбиінен латын қарпіне, одан кириллицаға көшу Орталық Азия елдерін «алтын ғасыр» мұраларынан айырылып қалуға әкеліп соқты. Шыңғыс Айтматов, Мұхтар Әуезов сынды біздің жазушы, ғалымдарымыздың барлығы кириллицада жазды. Оларға бұл әліпби қолайлы болды. Иә, дамыған елдердің барлығы латын әліпбиін пайдаланады. Біз де оған ауыссақ экономикалық тұрғыдан дамитын шығармыз. Бірақ Жапония, Корея, Қытай сынды елдер латын әліпбиіне ауыспай ақ дамыған елдердің қатарына кіріп отыр. Егерде латын әліпбиіне ауысудан дамып кететін болса, онда неге Африка мемлекеттері әлі күнге дейін кедейліктен шыға алмай келеді» — деді Алмазбек Атамбаев «Алтай өркениеті мен Алтай тілі отбасы және туысқан халықтар» халықаралық форумында сөйлеген сөзінде. Естеріңізге салайық, сәуір айының ортасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел үкіметіне қазақ тілін 2025 жылы латын әліпбиіне көшіру үшін дайындық жұмыстарын қазірден бастаңдар деп тапсырма берген болатын. Ал маусым айында Қырымда өткен Ливадийск форумында Ресейдің ғылым және білім министрі Ольга Васильева ТМД елдерін бір ғана әліпби, яғни кирилл әліпбиіне көшіру керек деп ұсыныс жасаған еді.

qazaqtimes.com

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда