Алматының танымал дүкенінде қарбыздың жартысын 12 500 теңгеге сатып жатыр.
Кесілген дәнді дақылдың фотосы мен бағасын facebook қолданушысы Андрей Мун есімді азамат өзінің жеке парақшасына салып: «Кімге қарбыз керек?» деп жазды. Жарты қарбыздың бағасын көрген жұртшылық таңданыстарын жасыра алмауда.
Көпшілігі: «бағасы шарықтаған испаниялық жемістен гөрі жергілікті қарбыздың дәмі мың есе артық» десе, кейбір әлеуметтік жел қолданушылары: «байларға қарбыздың дәмі емес, қайдан келгені маңызды, испаниялық жемісті тек қалтасы көтеретіндер жейді, ал біз суретін ғана тамашалаймыз», — деп жазып жатыр.