jasqazaq.kz

Алматылықтар 10 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады

04 сәуiр 2024, 13:50

Бүгін Алматыдан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жөнелтілді. Қайырымдылық акциясына қала тұрғындары, кәсіпкерлер мен белсенді жастар қатысты. Соның нәтижесінде 6 күнде 10 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды. Атап айтқанда, 2,5 тоннадан астам киім, 1 тонна гигиеналық өнімдер, 3,5 тоннадан астам азық-түлік, тұрмыстық заттар және т.б.

Көмек жинау пунктінің жұмысына 30-дан астам еріктілер ұйымы мен 100-ден астам ерікті атсалысты. Жастар саясаты басқармасы алматылықтарға игі істе көрсеткен белсенділігі мен қолдауы үшін алғыс білдіреді. Еріктілер мен қала тұрғындарының қажырлы еңбегінің арқасында зардап шеккен аймақтарға қысқа мерзімде көмек көрсетілді.

Көмек қабылдау пункті аптаның соңына дейін Байтұрсынов көшесі, 22/1 мекенжайында жұмыс істейді 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?