jasqazaq.kz

Алматылық келіншек өліммен арпалысқан кезін еске алды (видео)

25 қантар 2018, 12:45

Бұдан екі жыл бұрын «алматылық тұрғын он жыл отасқан әйелінің үстіне от қойып, оны екі жасар сәбиінің көз алдында тірідей өртеп жіберді» деген ақпарат елді дүр сілкіндірген еді. Өліммен арпалысып, бірнеше ай бойы тән жарасымен алысып келген әйелдің тағдырына бүкіл республика жұрты көз тікті. Алайда Ақерке ол кезде екі баласынан да тірідей айырылатынын білген жоқ. Дәл осы оқиғадан соң «өмірім тозаққа айналды» деген Ақерке қазір күйеуінің қолында қалған екі баласын бір көруге зар.

Елді шулатқан оқиғаның қалай болғанын ол NUR.KZ порталының «Жан сырым» деп аталатын жаңа жобасында өз аузымен айтып берді.

Бұл жағдай орын алғанда, түйсігіммен қорғану керек екенімді сезіндім. Қарды алып, жанталаса үстіме жағып, домбы қарға барып аунай беріппін. Ол сол кезде маған жай ғана қарап, бақылап тұрды. Ол бәрінен бұрын менің айқайлаған дауысымды көршілер естіп қоймасын деп алаңдады. Себебі, өртеніп бара жатып, жантүршігерлік дауысым шықты… Өртенген кезде адам төзгісіз күйде боласың.
Ал ол болса, біреу-міреу естіп қалып, келіп қала ма деген ойда болды. Оның ойы сол болды. Қылмысының ашылып қалуынан қорықты. Сол үшін мені сүйреп тұрып үйге кіргізді. Үйге кіргенде, үстімдегі жанып кеткен киімдердің бәрін шешіп, ваннаға апарып, «үстіңе су құйынып ал» деді. Ал өзі киімдерімнің барлығын жинап алып, пакетке салып жатыр. Жүгіріп келіп, арақ ішіп алуды ұсынды. Ол бұл жерде салдарын ойлап тұр ғой. «Ол өзі ішіп алып, есін білмейді», деген сияқты уәждер айту үшін. Мен оның бұл ойын оқып қойдым. Егер ол «мен не істеп қойдым? Ауруханаға апарайын» деп істеген ісіне өкінсе, мен басқаша ойлар едім. Алайда ол істеген ісінің ізін қалайда жасыруды ойлады. Мен тап сол жерде өлімнің не екенін сезіне бастадым. Өліп кетуден қорықтым, — дейді Ақерке.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық көргенін ашық айтса да, Ақерке бұл дерек бойынша қылмыстық іс жабылып қала бергенін айтады. Себебі, полиция әу бастан тергеу жұмыстарын тиісінше орындамаған дейді ол. Оның бұл сөзін адвокаты Бақыт Сыдықова да растап отыр.

Ақерке маған келген кезде, іс қылмыстық құрамы болмағандықтан жабылып қалған болатын. Яғни, бұл іспен маған дейін бірнеше адвокат айналысқан. Іс неге сотқа дейін жетпеді? Мен мұны қылмыстық заңнаманың, нақтырақ айтқанда, қылмыстық-процессуалды кодекстің толықтай жетілдірілмеуі себебінен дер едім. Себебі, дәл осы кодексте қылмыстардың ашу тәсілдері, жолдары, іс-әрекеттер қарастырылады. Егер бұрынғы кодекс бойынша, қылмыстық іске қатысты ешқандай дәлел табылмаса, онда істі дәлел болмауы себепті тоқататын. Ал жаңа заңнамада мұндай тұжырымдаманы алып тастаған. Қазір күдіктінің кінәсін дәлелде я болмаса кінәсіз екенін дәлелде! Болды. Ал мұның арғы-бергі жағы қарастырылмайды, — дейді адвокат.
Адвокаттың айтуынша, іс бірнеше бір жарым жылға созылғандықтан, ол өз өзектілігін жоғалтып алған.

Ақерке 11 жыл бойы үлгілі ана болды. Оның әр күні күйеуіне, балаларына, ата-енесіне қызмет етумен өтетін. Ол балаларының сабағын бірге қарасып, 24 сағат бойы аяғынан тік тұратын қарапайым қазақтың әйелі болды. Толықтай өзін отбасы-ошақ қасына арнаған. Мен мұны білетін себебім, талап-арыз жазған кезінде осы туралы жазған болатынмын. Ол тек қана өміріне шын мәнінде қауіп төніп, жаны мұрнының ұшына келгенде ғана оянды десек болады.
Алайда Ақеркенің күйеуі Мақсат Құрман оның айтып отырған сөзінің барлығын жала дейді. Оның айтуынша, іс қылмыстық құрамы болмағандықтан жабылған. Яғни, Ақерке бұрынғы күйеуіне артқан кінәсін дәлелдей алмаған.

Бүгінде «жабулы қазан жабулы күйінде» қалатынын түсінген Ақеркенің бар арманы күйеуінің қолында қалған екі баласын өзіне алу. Сот балаларын анасымен қалдыру туралы шешім шығарғанымен, бауыр еті балалары онымен бірге тұрудан үзілді-кесілді бас тартқан. Бұған себеп — әкесінің балаларына психологиялық қысым жасауында, дейді Ақерке. Сондықтан, оңашада балалары анасына деген сезімін ашық білдіргенімен, жандарына әкесі келгенде олар өздерінен өздері оқшауланып, қысылып қалады дейді келіншек.

Бүгін, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
Бүгін, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды