Алматы қаласының прокуроры Ғабит Миразов мегаполисте алаяқтық деректері жиілеп кеткенін айтады. «Адамдарды алдаудың сан жолы: пайызсыз кердеит беру, жер алып беру, жылжымайтын мүлікті арзанға алу сияқты алаяқтықтар бар. Осыған адамдар сеніп, ақшаларын береді», — дейді прокурор. Прокурор алаяқтар арасында әйелдердің көп екеін атап өтті. «Олар адамға сенім ұялататын сияқты. Әйел болғандықтан сенетін шығар», — деп атап өтті ол. Полицейлер соңғы рет 23 мамырда алаяқтарды ұстағанын мәлімдеген болатын. Алматы ІІД-нің мәліметі бойынша, өзін әкімдік қызметкерімін деп таныстыратын қыз белгілі бір соммаға мемлекеттік баспана бағдарламасы бойынша кезекті алға жылжытып беруге уәде еткен. 1 мың доллар және одан да үлкен қаржыны адамдардан оның ағасы алып отырған.