jasqazaq.kz

Алматылық әйелдің «жұмбақ дуасы» Желі қолданушыларын ойландырды (видео)

30 мамыр 2017, 12:16

Алматыдағы мейрамхананың алдына келіп, әлдеқандай жоралғы жасаған әйелдің әрекеті Желі қолданушыларын ойландырып тастады.

«ВКонтакте» желісіндегі «Я очевидец Алматы» парақшасында бір әйелдің сыпырғы мен қағаз алып, дуа жасағандай болғаны көрінеді. Оқиға 26 мамырда «У Афанасича» мейрамханасының автотұрағында болған. Шамамен таңғы сағат 6.40-та мекеме алдына ақ түсті Lexus көлігі келіп тоқтайды. Одан қолына сыпырғы мен қағаз ұстаған әйел шығады. Ол мейрамханаға жақындап келіп, айналасын сыпырғандай болады. Осы әрекеті барысында әйел қағазға қарайды. Ролик авторы әйел мекеме қожайындарын осындай жолмен дуалағысы келді деп есептейді. Оған Желі қолданушылары да қосылды. Кейбіреулер болса әйелдің ақыл-есі дұрыс емес деп те болжады. Ал мейрамхана өкілдері бұл оқиғадан хабары бар екенін айтады. Мекеме менеджері басқа видеобақылау камерасына көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі түсіп қалғанын және полицияға хабар бергенін айтты. «Біздің күзеттегілер бастапқыда не болып жатқанын түсінбеді. Амал не, олар шығып үлгергенше әйел кетіп қалып, не істеп тұрғанын біле алмадық. Бұл әрекетті түсіндіре алмаймын. Бұл біздің қызметімізге көңілі толмаған клиент деп есептемеймін. Қызметкерлеріміз мұндай адам біздің мекемеге келмеген дейді. Меніңше, бұл әйел дуаға сенетін бәсекелестеріміз», — деді менеджер.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда