Алматыдан Жетісайға бағыт алған жолаушылар автобусы Жамбыл облысы аумағында өртке оранды.
“Батыс Европа – Батыс Қытай” тас жолының 190-шы шақырымында Алматыдан Жетісайға бет алған автобустан өрт шықты. Салонда 54 жолаушы мен екі жүргізуші болған”, – деп хабарлады облыстық ТЖД.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша оқиғадан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқү Жолаушылар дер кезінде сыртқа шығып үлгерген.