jasqazaq.kz

Алматыдағы заңсыз тұрғын үй кешені бұзылады

11 желтоқсан 2023, 11:57

Алматыда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешенін бұзу жұмыстары басталды. Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім етті.
Басқармадан атап өткендей, Алматы әкімдігі мен қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тау бөктерінде заң талаптары мен құрылыс нормаларына сай келмейтін 52 нысанды анықталды.
Солардың бірі – Витебская көшесі, 44/3,44 А мекенжайда орналасқан KHAN тұрғын үй кешені.


«Бұл нысанды «Tennis.kz» ЖШС салған, эскиздік жоба келісілмеген, авторлық және техникалық қадағалау, сараптама қорытындысы жоқ, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабар бермеген. Тапсырыс берушіге қатысты басқарма ӘҚБтК — нің 316-бабы 1-бөлігі, 321, 462-бөлігі бойынша шаралар қабылдады, сондай-ақ осы жылдың 28 сәуірінде Алматы қалалық мандандырылған ауданаралық экономикалық соты тұрғын үй кешенін сүру жөнінде талап арыз берді», — деп хабарлады басқармадан.
Сот талқылаулары аяқталғаннан кейін 24 қазанда Алматы қалалық сотының қаулысымен нысанды бұзу туралы бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды. Заңсыз салынған нысанды бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен жүргізіледі.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?