Алматыдағы діни бірлестіктер солтүстік тұрғындарына көмек қолын созды (Видео)

22 мамыр, 13:54

Алматыдағы діни бірлестіктер басшылары клубының мүшелері алапат су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қайырымдылық акциясын өткізуге ұйтқы болды.

Биыл еліміздің бірнеше өңірі алапат су тасқынынан зардап шекті. Су басқан аймақтарда тұрғындар баспанасынан, бүкіл дүние-мүлкінен айрылды. Мал қырылды. Материалдық шығынды былай қойғанда, бұл, әрине, көңілді құлазытып, күйзеліске ұшырататын жағдай.

Дегенмен осындай қиын-қыстау кезеңде халық жұдырықтай жұмылып, тасқыннан зардап шеккендерге көмек қолын созды. Төтенше жағдай орын алған аймақтарға жан-жақтан гуманитарлық көмек жеткізілді. Қысылтаяң кезде кімнің болса да көмектесуге дайын екендігі – ынтымағы жарасқан, ауызбіршілікті ту еткен ел екенімізді тағы бір көрсетіп берді.

Түрлі ұйым өкілдері де шет қалмады. Мәселен, Алматыда діни ұйымдар бірігіп, Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті. Қайырымдылық акциясына діни бірлестіктер басшыларының клубы ұйтқы болды.
Алматы қаласы Дін істері басқармасы басшысы Нұрлан Кәкімов: «Алматы қаласы Дін істері басқармасы Алматы клубының алаңында бірігіп, зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсету туралы бастама көтерді. Соның нәтижесінде қатысушылардың көпшілігі бізді қолдап, 8 720 000 теңге жиналды. Бұл оқиғадағы ең құндысы – мұсылмандар, буддистер, мормондар, гаре кришналар, протестанттық конфессиялардың өкілдері ынтымақ пен бірліктің тамаша үлгісін көрсетті», — деп атап өтті.
Солтүстік Қазақстан облысындағы діни бірлестіктер басшыларының клубы алматылықтарға қолдау көрсеткендері үшін зор алғыс айтты.

Солтүстік Қазақстан облысының діни бірлестіктер клубы өкілдерінің бірі: «Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қолын созған әріптестерімізге, бауырларымызға – Алматы қаласындағы діни бірлестіктердің басшыларына шын жүректен алғыс айтамын. Ешкім де шет қалмады. Ең болмағанда, ғибадатханаға барып, дұғада болды», — деп ризашылығын білдірді.

Жиналған қаражат зардап шеккен азаматтарға 68 дана тұрмыстық техника сатып алу үшін жұмсалыпты. Қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылар зардап шеккен облыс тұрғындарының мұң-мұқтаждары мен қажеттіліктерін ескеруге тырысты. Айта кету керек, көптеген діни бірлестіктер бұған дейін өз бетінше қайырымдылық көмек көрсеткен болатын. Бұл шара сол қайырымдылық ізімен жалғасын тауып отыр.

«Бізді қиын жағдайда қалдырмаған Алматы қаласының діни бірлестіктерінің басшыларына рахмет айтамын. Үйімізді қалпына келтіру мүмкін емес. Дегенмен көмек қолын созғандарға алғысымыз шексіз», — дейді су тасқыны кезінде мүлкінен айырылған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны.

Бас үйлестіруші қызметін атқарған «Әлеуметтік даму орталығы» қоғамдық қоры, «Демеу» балалық шақ мәселелерін үйлестіру орталығы» ПҰУ және сол жерде үйлестіруге баға жетпес көмек көрсеткен Солтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы да іс-шараны қолға алды.

Акцияны жүзеге асыруға «Әлеуметтік даму орталығы» қоғамдық қоры да бас үйлестіруші қызметін атқарып, белсене атсалысты. «Демеу» балалық шақ мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығы» және Солтүстік Қазақстан облысы Дін істері басқармасы да шараға қолдау көрсетті. Ал қайырымдылық жұмыстарына Алматы қаласынан Алматы орталық мешіті, Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелер шіркеуі, «Жаңа өмір» Евангелдік сенімдегі христиандар шіркеуі сияқты 15 ұйым жұмылды.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Олжас Әбдіхалық

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде