Алматыда жолаушылар бұзылып қалған автобусты итерді.
Көлікті итеріп жүрген жолаушылардың егде жастағы әйелдер. Арасында қыз-келіншектер де бар. Олардың арасында полицей де бар. Көріністі видеоға түсіріп тұрған қыз таңданысын жасыра алмады.
Видео Инстаграм желісінің ZTB тобында жарияланды. Видео анықтамасында 9 әженің көлікті итеріп бара жатқаны жазылған. Олардың қоғамдық көлікті не себепті итергені белгісіз.