jasqazaq.kz

Алматыда жоғары лауазымды экс-полицей мен ҰҚТ-тың 16 мүшесі қамауға алынды

13 маусым 2017, 17:18

Алматының Әуезов аудандық ішкі істер басқармасының бұрынғы басшысы мен ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері қамауға алынды. 

Барлығы 17 адам қамауға алынған. Олар ұйымдасқан қылмыстық ұйым құрды және оған басшылық етті, оған қатысты, қару-жарақты, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз сатып алды, өткізді, сатты, сақтады, тасымалдады немесе алып жүрді деген айып тағылып отыр. «2017 жылдың 30 мамырында сотқа дейінгі тергеу органдары мына тұлғаларды ұстады: Д. Байгабатов, А. Яхьяров, Б. Касабеков, Т. Кенебаев, Ш. Худавадиев, Ч. Жархабеков, С. Джалелов, Б. Байсалбаев, И. Кабирова, Б. Арунова, М. Зайнаудина, И. Әбдрахманова, Р. Рамазан, Д. Шайдулла, Т. Ерланова, Т. Сүлейменова. 2017 жылдың 1 маувсымында А.Казаневский ұсталды», — делінген жауапта. Әуезов аудандық ІІБ бұрынғы басшысы Бахыт Қасабеков ұйымдасқан қылмыстық топты құрды, сондай-ақ, өзінің қызметтік бабын қолдана отырып, сол топта болды деп айыпталып отыр. «Казаневский қару-жарақтарды заңсыз иелену және сақтау баптары бойынша айыпталып отыр. Олардың барлығы екі айға қамауға алынды», — деді Алматы қалалық сотындағылар. Еске сала кетейік, маусым айының басында ҰҚК Алматыда арнайы операция жүргізіп, «Әділ Қытай» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталған болатын. «Арнайы жасақтардың қатысуымен бір мезетте Алматының әр түрлі жерінде А.Зайнаудиннің ұйымдасқан қылмыстық тобының («Әділ Қытай» лақап атымен танылған) басшысы мен мүшелері және Алматы қаласы ІІД Әуезов АІІБ-ның бұрынғы басшысы полиция полковнигі Қасабеков ұсталды, ұсталғандардың саны — 16″, — делінген еді ҚР ҰҚК ресми жауабында.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда