jasqazaq.kz

Алматыда жоғалып кеткен 13 жастағы қыз саяжайдан табылды

22 тамыз 2017, 14:23

Алматыда 18 тамыз күні жоғалып кеткен 7-сынып оқушысы Карина Дроздова ама-есен табылды. Бұл туралы қызды іздеумен айналысқан еріктілер тобының жетекшісі Ислам Угушев Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Карина табылды, аман-есен ата-анасына тапсырылды», — деп жазды ол қызбен бірге түскен суретін жариялай отырып. Кейін анықталғандай, қыз нағашы әжесімен ренжісіп үйден кетіп қалған, анасы бұл уақытта Түркияда болған. Каринаның анасы Татьяна Муремцева Фейсбук әлеуметтік желісі арқылы барлығына алғыс айтты. «Карина табылды, оны іздеген күндеріміз менің өмірімдегі ең ауыр сәт болып қалады. Оны Ақши саяжайлар массивінен көргендер хабарлады. Іздеп барып, таптық. Ол: «Жетіммін, мені үйден қуып жіберген, қонатын жерім жоқ» дегесін қайырымды жандар үйіне қондырған. Ол қазір үйде», — деп жазды оның анасы. Айта кетейік, бұған дейін 18 тамыз күні үйінен шығып кетіп қайтып оралмаған 7-сынып оқушысы Карина Дроздоваға іздеу жарияланғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Карина Дроздова 2004 жылы 27 мамырда дүниеге келген.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда