jasqazaq.kz

Алматыда жоғалған 18 жастағы қыз өлі табылды

06 қыркүйек 2017, 14:50

Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен 18 жастағы Назерке Әріп өлі табылды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Бұл туралы мәліметті қыздың отбасымен таныс адамдар айтты. Айтуларынша, қазіргі уақытта жерлеу рәсімі өтіп жатыр. «Иә, тапты… мәйітін. Қазір жерлеп жатыр», — деді іздестіру бойынша хабарландыру берген әйелдердің бірі. Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазіргі уақытта сараптама жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік желілерден алынған сурет Қыз медициналық ЖОО-ға грантқа түсуді жоспарлаған. Талапкер 10 шілдеде сағат 18.00-ден кейін байланысқа шықпаған. Назеркенің отбасы Алматы маңындағы Талғар ауданында орналасқан Тұздыбастау ауылында тұрады. Назерке Әріп — биыл мектеп бітіріп, ҰБТ-дан 100 балл алған. Қыз Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетіне түскісі келген. Құрбысы хабарландыруда көрсетілген мерзімнің дұрыс емес екенін және оның 10 шілдеде жоғалғанын айтты. Мұның алдында 18 жастағы түлек Назерке Әріптің анасы қызды ұстап отыруы мүмкін деген адамдардан оны үйіне жіберуін сұраған еді.

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті